• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Боксшылар Олимпиадаға толық құраммен барады (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландтың  Бангкок қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еліміздің үш былғары қолғап шебері төрт жылда бір рет келетін дүрмекті додаға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Ерлер арасында 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңіп,  Олимпиада квотасын иеленді.

    Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда баратын болды.

    Қазақстан әйелдер құрамасы үздіктерінің бірі Назым Қызайбай мен Валентина Хальзова  Париж Олимпиадасына жолдама алды.

    Ол 50 келі салмақта Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті. Енді Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиадаға қатысады.

    Валентина Хальзова 75 келіде колумбиялық Ширеледейз Орозоконы жеңді. Боксшының турнир кеезінде Украина мен Моңғолияның өкілдерінен де мерейі үстем болды.

    Бұған дейін ерлер арасында 63 және 64 келіде Олимпиадаға мына боксшылар қатысқан болатын.

    2021 жыл. Токио Олимпиадасы

    63 кг. Закир Сафиуллин (1/4 финал)

    2016 жыл. Рио Олимпиадасы

    64 кг. Абылайхан Жүсіпов (1/16 финал)

    2012 жыл. Лондон Олимпиадасы

    64 кг. Данияр Елеусінов (1/4 финал)

    2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы

    64 кг. Серік Сәпиев (1/4 финал)

    2004 жыл. Афина Олимпиадасы

    64 кг. Нұржан Кәрімжанов (1/4 финал)

    2000 жыл. Сидней Олимпиадасына қатыспады.

    51 кг. Болат Жұмаділов

    1996 жыл. Атланта Олимпиадасы

    63,5 кг. Болат Ниязымбетов (қола жүлде).

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Official page (@qazsport_official)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *