Теннисші Әмір Омарханов Ролан Гаррос» турнирінің жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысында жұптық сында екінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге алғашқы ойынын франциялық Антуан Фато мен Даниэль Жадемен ойнап, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді.
Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Енді Омарханов – Дерепаско дуэті ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен кездеседі.
Жекелей сында Әмір Омарханов алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходардан 2:6, 2:6 есебімен жеңілді.