• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

    Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Оған 7-18 жас аралығында 34 елден жиналған 650-ге жуық жас ойыншы қатысып жатыр. Бұл еліміз қабылдаған халықаралық деңгейдегі шахмат турнирі арасында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жас шахматшылар 10-20 маусым аралығында классика, рапид және блицте бақ сынайды.

    Чемпионат Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы, Азия шахмат федерациясы, Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

    Еске сала кетсек, биылғы жылдың соңында шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін екі ойынға да Азия ойыншылары қатысады. Ерлер арасында қазіргі әлем чемпионы қытайлық Дин Лижэнь мен Үндістан өкілі Гукеш Доммараджу, әйелдер арасында Цзюй Вэньцзюнь мен Тань Чжунъи (екеуі де Қытай) бар.

    Биылғы Азия чемпионатына отандастарымыз көп қатысып жатыр. Өзбекстаннан 58 шахматшы келді. ФИДЕ туының астында Ресейден 54, Вьетнамнан 48, Үндістаннан 36, Қырғызстаннан 34, Моңғолиядан 28, Сингапурдан 20, Шри-Ланкадан 19, Қытай мен Оңтүстік Кореядан 17 жасөспірім болса,Ираннан 15 шахматшы қатысуда.

    Чемпионатқа қатысушылардың арасында халықаралық деңгейдегі екі шебер ойыншы бар . Олар: жақында үшінші гроссмейстерлік норманы орындаған отандасымыз Алдияр Аңсат пен үнді Суреш Харш. Екеуі де U18 санатында ойнайды. Сонымен қатар әйелдер арасында екі халықаралық шебер – Амина Қайырбекова (Қазақстан) мен Мафтуна Бобомуродова (Өзбекстан) да U18 санатында бәсекелес болады. Мұнда ФИДЕ әйелдер шебері Нгуен Хонг Нюнг, 2022 жылғы 16 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қатысушылар арасында барлығы 24 ФИДЕ шебері мен 11 ФИДЕ әйел шебері бар.

    Чемпионат 20 маусымда аяқталады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *