• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Олимпиадаға дайындық пысықталды

    Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық штабында кезекті басқосу болды. 

    Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан  тоғызқұмалақ федерациясының президенті  Әлихан Бәйменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасболатов, 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Абоимов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит, әлем чемпионы  Мерей Ақшалов, сондай- ақ   спорт журналистикасының ардагерлері Жүсіп Хисымов, Несіп Жүнісбай, Оңдасын Елубай, Қыдырбек Рысбек, Ғалым Қожабек пен басқа азаматтар қатысты.

    Көкейде жүрген көптеген мәселелер талқыланып, қызықты сұрақтар қойылды. Штаб қызметкерлері кең көлемде ақпарат беріп, атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

    Қазіргі таңда ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама бар. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *