• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі

    Қазақ балалары футболдан Dragan Mance Cup турнирінің қола жүлдегері атанды

    Шымкент қаласының екі футбол академиясының – «Ордабасы» футбол клубы мен «Оңтүстік» академиясының тәрбиеленушілері алғаш рет 11-17 маусым аралығында Сербияның астанасы – Белград қаласында өткен Dragan Mance Cup балаларға арналған халықаралық турнирге қатысып, қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі.

    Бұл турнирге Еуропаның 16 елінен 288 команда қатысты.

    «Ордабасы» футбол клубы академиясының футболшылары U12 жас санатында үшінші орын алып, жартылай финалда Грекия командасына жеңілуге мәжбүр болды. Балалар жеңілсе де жақсы ойын өрнегін көрсетті. Одан кейін жас футболшылар Сербия футболының флагмандары мен Еуропа кубоктарына жиі қатысатын – «Црвена Звезда» мен «Партизан» клубтарының стадиондарына барды.

    Бұл турнир жыл сайын Белградта бұрынғы Югославия елінің атақты футболшысы, ұлты серб Драган Манзені еске алу мақсатында өтеді. Ол көзі тірісінде «Партизан» клубы мен Югославия құрамасында ойнаған.  Халықаралық турнир соның атымен Dragan Mance Cup деп аталады.

    Биыл еліміздің атынан жарысқа «Ордабасы» футбол клубы мен «Оңтүстік» академиясының тәрбиеленушілері қатысты. Команданың турнирге қатысуы сербиялық футбол функционерлері Владимир Рыбич пен Горан Станоевичтің арқасында мүмкін болды.

    «Оңтүстік» пен «Ордабасы» клубтарының балалар командалары Хорватияның Задар қаласында өтіп жатқан Dalmatinko Cup халықаралық турниріне қатысқан болатын. Былтыр оған елімізден  «Тұран-2013», «Ақтөбе-2013», «Астана-2012», «Ақжайық-2012» мен «Оқжетпес-2012» сияқты 5 команда қатысып, отандастарымыз алғаш рет күміс медаль жеңіп алды.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *