• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстанның Хорватиядағы елшілігі

    Қазақ балалары Лука Модричпен хабарласты (ФОТО, ВИДЕО)

    Қазақстан жастарының футбол командалары Хорватияның Задар қаласында өтіп жатқан Dalmatinko Cup халықаралық турниріне қатысып жатыр.

    Жарыста әлемнің 22 елінен 220 команда бақ сынайды. Биылғы додаға еліміздің «Оңтүстік» пен «Ордабасы» командалары ойнайды.

    Қазақстанның Хорватиядағы елшілігінің қолдауымен 2019 жылдан бастап елдің жастар футбол командалары осы турнирге қатысып, допты игеру шеберлігін арттырып, жаттықтырушылар халықаралық мамандармен өз білімдері мен тәжірибелерімен алмасады.

    Турнирді ұйымдастырушылардың бірі — Хорватия құрамасында ойнаған Қазақстан елшілігінің штаттан тыс кеңесшісі Ивица Пирич. Ол әлемдік футболдың аңызына айналған ойыншысы Лука Модричке бейне қоңырау шалып, «Алға Шымкент» деген сөздермен балаларға сәттілік тіледі.

    Турнирдің ашылуына Қазақстан елшісі Ақылбек Камалдинов қатысып, балаларға жеңіс тілеп, ұйымдастырушыларға балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту және жас футболшылардың Хорватияға сапарын ұйымдастыруға көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Осындай турнирлерге қатысу жас футболшыларға тәжірибе жинауға, отандық футболдың деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

    Турнирге қатысумен қатар, Қазақстаннан келген жас футболшыларға Хорватиядағы Далмация жағалауында қызықты экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.

    Анықтама: «Dalmatinko Cup» турнирі — 2016 жалдан бері жыл сайынғы балалар турнирі.

    2019 жылдан бастап осындай көлемдегі халықаралық жарысқа алғаш рет «Каспий» жасөспірімдер командасы жіберілді. Қазір Dalmatinko Cup турниріне қатысып жатқан командалардың саны көбейіп келеді.

    Былтыр елімізден турнирге «Тұран-2013», «Ақтөбе-2013», «Астана-2012», «Ақжайық-2012» пен «Оқжетпес-2012» сияқты бес команда қатысып, отандастарымыз алғаш рет күміс медаль жеңіп алды.

    2022 жылы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Dalmatinko Cup турнирін тамашалаған болатын.

     

    Ілияс ОМАРОВ,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Sportpress.kz (@sportpress.kz)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *