• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Шәміл Досбол  грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

    Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

    Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Ол 17 жасқа дейінгі спортшылармен белдесіп,  Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда, соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді.

    Одан басқа, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медаль иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 кг) мен Едіге Төлеутаев (51 кг) қолаға жүлдеге ие болды.

    Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *