• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Нидерландтағы турнирде бес қазақ боксшысы финалға шықты

    Нидерландтың Эйндховен қаласында бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирі болып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын басталған додаға Қазақстан құрама командасы да қатысуда.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, кеше ұлттық құраманың сегіз боксшы жартылай финалға шықты. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

    Жекпе-жектердің нәтижесі:  

    50 кг. Даниял Сәбит (Қазақстан)  Редуан Ассаины (Бельгия) нокаутпен жеңді.

    65 кг. Ертуган Зейнуллинов (Қазақстан) пен Али Абдуллаевтің (Әзербайжан) жекпе-жегінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақ боксшысына берді.

    70 кг. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) пен Анас Каддуридің (Бельгия) айқаста төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға отандасымыз шықты.

    75 кг. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) пен Джамал Кулиевтің (Украина) жекпе-жегі де тартысты болды. Бұл сында Кулиев финалға шықты.

    80 кг. Ерасыл Жакпеков (Қазақстан) пен Иде Силастың (Дания) да айқасы аса қызықты болып, төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға қазақ спортшысы жолдама алды.

    85 кг. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) Идрис Леганасты (Бельгия) айқын басымдықпен жеңді.

    90 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) Турабек Хабибуллаевтан Өзбекстан) жеңілді.

    90 келіден аса салмақта Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) Идрис Шонубиден (Бельгия) айласын асырды.

    Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *