• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Барыс» хоккей клубы

    Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубын басқарады

    «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

    Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Әр жылдары Парламент Мәжілісі төрағасының көмекшісі, Мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, Көлік және коммуникация вице-министрі болып, өзге де салаларда қызмет атқарған.

    Сәкен Мұсайбеков спорт саласында басшылық қызметте болған. Бұған дейін Сәкен Жүнісбекұлы Қазақстан хоккей федерациясы бас директоры болып жұмыс істеген, — делінген хабарламада.

    Сәуір айында Нұрлан Оразбаев «Барыс» командасының бас директоры қызметінен кетті.

    Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында нашар ойнады. Команда Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *