Қазақстан құрамасы Сингапурда өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының екінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Әдел Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы (микст) финалда Үндістаннан 155:153 есебімен басым түсті.
Тағы бір финалда Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғады.