Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды.
Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Данияның өкілі Клара Таусонмен (WTA рейтингінде 22-орын) ойнап, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Омылайша, Клара Таусон Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықса, Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтады.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Арменияның теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, 6:1 есебімен, Грекияның спортшысы Мария Саккариді (77-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА