• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.kz

    Еуропа лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Легияға» есе жіберді

     «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен ойнап, жеңіліп қалды.

    Матчты «Ақтөбе» жақсы бастады. Ақтөбенің клубы сапынан Оралхан Өміртаев 9-минутта гол салып еді. Алайда төреші Оралханның ойыннан тыс қалғанын айтып, оны санамады. 25-минутта «Легия» алға шықты. Голдың авторы — Ваган Бичахчян.

    Осыдан кейін «Ақтөбе» есепті теңестіруге ұмтылса да  мақсатына жете алмады.

    Қорытынды есеп – 0:1. Ойын «Легияның» пайдасына шешілді.

    Енді екінші матч 17 шілдеде болады.

    Бұдан бұрын Алматының «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Словенияның «Олимпия» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

    Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу турнирінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасынан 3:4 есебімен жеңілді.

    «Астана» болса, турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *