• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Ақтөбе» футбол клубы

    Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші сатыға шыға алмады

     «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен екінші матчын ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

    Осы және бірінші ойынның нәтижесінен кейін Ақтөбе қаласының командасы Еуропа лигасымен қоштасып, Конференция лигасына түсіп қалды. Бірінші ойында да отандастарымыз қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңілген болатын.

    Екінші матч 0:0 болып аяқталар еді. Ойынның негізгі уақытына бір минут қосылғанда 91-минутта польшалық клубтан Юрген Элитим қорытынды есепті белгіледі де кетті.

    Енді «Ақтөбе» Конференция лигасы екінші іріктеу турнирінде Чехияның «Спарта» клубымен ойнайды.

    Бұдан бұрын «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» клубын (1:1, 2:0) жеңсе, «Ордабасы» UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу турнирінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасына (3:4, 1:1) есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

    Ал «Астана» аталған турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *