• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан таеквондо федерациясы

    Таеквондодан АЧ: Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен келе жатыр

    Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты басталмай жатып, Қазақстан құрамасы жеті медальді жеңіп алды.

    Бунед Бахрамкулов (45 кг) мен Айым Серікбаев (42 кг) Азия чемпион атанды.

    Бұған дейін 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, енді араға 20 жыл салып, Айым Серікбаева мен Бунед Бахрамкулов Давранбек Ризаевтың жетістігін қайталады.

    Тоғжан Қазнабек (59 кг) екінші орын алса, Нұрперзент Самаұлы (48 кг), Егор Шаптефраць (78 келіден аса салмақ), Дәулет Рахимоллиев (73 кг) пен Любовь Юн (63 кг) қола жүлдені қанағат тұтты..

    Осымен биыл таеквондодан Қазақстан құрамасы екінші рет үлкен жарыста жүлдемен елге қайтып келе жатыр. Жыл басында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медальді иеленген еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *