«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасынан жеңіліп қалды.
Осыдан бірнеге күн бұрын команда арасындағы ойында Ақтөбенің клубы қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл есеп «Ақтөбеге» келесі кезеңге шығуға көп шанс берді. Алайда, олар Прагада осы мүмкіндікті пайдалана алмады.
Осы матчта «Спарта» қонақтардан айласын асырып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері екі голды бірінші таймда, тағы екі голды екінші таймда салды. 57-минутта Велько Бирманчевич алғашқы голдың авторы атанды. Содан кейін 60-минутта Матей Ринеш нысананы дәл көздеді. Ал екінші таймда Ян Кухта 64-минутта, Альбион Рахмани 94-минутта допты торға тоғытты.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Еске сала кетсек, «Ақтөбе» Еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, Польшаның «Легия» командасынан 0:1, 0:1 есебімен жеңілген болатын. Сонымен бірге Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубына (3:4, 1:1) жол берді. Ал, «Астана» клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) жеңіп, жарысты жалғастырып жатыр.
Алматының «Қайрат» футбол клубы болса UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын (3:0, 0:2) жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА