Пара биатлоннан өткен Әлем кубогында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал екінші орынды АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Пара биатлонан Әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында болды. Оған Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, АҚШ, Украина және Италия елдерінің үздік спортшылары қатысты.
Жарысқа 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы Паралимпиаданың рейтингтік жарыстарының бірі.
Бұдан кейін, ұлттық құрама 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде пара шаңғы жарысынан өтетін Әлем кубогында бақ сынайды.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары