Теннисшілер Анна Данилина мен Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Қаазақстан теннис федерациясы.
Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен бірге жұптық сында өнер көрсетуде. Жартылай финалда Данилина мен Крунич канадалық Габриэла Дабровски пен бразилиялық Луиза Стефаниден 2:1 (7:6 (7:2), 3:6, 6:4) есебімен жеңді.
Елена Рыбакина болса, жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнады. Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен алты рет ойнап, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина брейкпен бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Содан кейін ол басымдылығын сақтап қалды. Есеп – 6:3.
Екінші сетте есеп 1:1 болғанда теннисшілер брейкпен алмасты. Дегенмен Рыбакина брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бірақ Пегула да қалыспай, Рыбакинаның үш матчболды пайдалануына мүмкіндік берді. Есеп – 5:5. Содан кейін Рыбакина тай-брейкте 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.
Матч бір сағат 40 минутқа созылды. Онда Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін жақсы пайдаланды.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
2023 жылы Рыбакина финалда Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары