• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Australian Open: Заңғар Нұрланұлы бес сағат ойнап, алғаш рет жартылай финалға шықты

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған теннисші турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген.

    Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен ойнады. Бірінші партияда оның қарсыласы 6:3 есебімен басымдық танытты. Тайталасқа толы матчта екінші сетте қазақ спортшысы тай-брейкте – 7:6 (7:4) есебімен қарымта қайырды.

    Шешуші, үшінші партияда есеп 3:1 болған кезде Томпсон доп бергенде, Заңғар Нұрланқлы аяғынан жарақат алып қалды. Ақсаңдап әзер жүрсе де, ол брейк жасай алды. Есеп – 4:1. Бірақ келесіде өз геймін беріп қойды. Дегенмен матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ. Қорытынды есеп – 6:4.

    Осылайша, Заңғар Нұрланұлы спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.

    Оның келесі қарсыласы кейін белгілі болады. Нұрланұлы өткен жылы жасөспірімдер арасында отандастарымыздан тұңғыш рет АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен еді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *