• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Азия ойындарына Қазақстаннан 559 спортшы тіркелді

    Туризм және спорт министрлігі  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан ұлттық құрамасынан 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін 559 спортшысы тіркелді.

    Бұл бәсекеде отандастарымыз жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады.

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, өтінімдерге сәйкес Азиадаға қатысу үшін 559 спортшы тіркелген. Ұлттық Олимпиада комитетіне спортшыларды жарыстан шығару туралы ешқандай өтініш түскен жоқ. Осыған байланысты Азия Олимпиадалық кеңесі шешім қабылдағанға дейін 559 спортшының барлығы жарысқа қатысатын спортшылар құрамында қалады.

    «Спортшыны жарыстан шығару туралы шешімді Ұлттық Олимпиада комитетінің өтініші негізінде Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мен AINAGOC (ұйымдастыру комитеті) қабылдайды», деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

    Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді.

    Салтанатты іс-шара Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады. Құрлықтық додаға Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

    Жарыс бағдарламасы бойынша 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. XX жазғы Азия ойындары Жапонияның 53 спорт нысанында ұйымдастырылады.

    Ойындар Аити префектурасы мен Нагоя қаласынан бөлек, Токио және Осака қалаларында, сондай-ақ Сидзуока мен Гифу префектураларында өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *