2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарына 525 спортшы қатысса, биылғы Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтетін додада бақ сынау үшін 559 отандасымыз тіркелді, деп хабарлады SportPress.kz
1.Алматы қаласы — 124 спортшы (2023 жылы 108 спортшы барған).
Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа регби-7 (18 адам), семсерлесу (9 адам), киберспорт пен көгалдағы хоккей (8 адам) кіреді.
2.Астана қаласы — 75 спортшы (2023 жылы 70 спортшы болған).
Елордамыздың ТОП-3 спортына 5×5 баскетбол (9 спортшы), көркем гимнастика мен академиялық ескек есу (7 адам) кіреді.
3.Шымкент қ. — 51 спортшы (2023 жылы 64 спортшы болған).
Шымкенттен ТОП-3 спортқа гандбол (8 спортшы), стенд ату (8 спортшы), байдарка және каноэда есу мен нысана көздеу (5 спортшы) кіреді.
4.Қарағанды облысы — 43 спортшы барады (2023 жылы 35 спортшы барған).
Қарағанды облысынан ең көп жеңіл атлетика (8 спортшы), әртістік жүзу (6 спортшы), академиялық ескек есу мен үстел теннисі (4 спортшы) кіреді.
5.Жамбыл облысы — 34 спортшы (2023 жылы 33 спортшы барған).
Жамбыл облысынан ең көп спортшы су добынан (18 адам) барады.
6.Түркістан облысы — 32 спортшы (2023 жылы 26 спортшы барған).
Түркістан облысының ТОП-3 спортына гандбол (10 адам), академиялық есу (6 спортшы), байдарка және каноэда есу (4 спортшы) кіреді.
7.ШҚО — 30 спортшы (2023 жылы 27 спортшы барған).
Шығыс Қазақстан облысы атынан ТОП-3 спортқа жеңіл атлетика (11 спортшы), семсерлесу (5 спортшы), ескек есу (5 спортшы) кіреді.
8.Жетісу облысы — 27 спортшы (2023 жылы 36 спортшы барған).
Жетісу облысынан регбиден 7 спортшы, волейболдан (6 спортшы), садақ атудан 5 адам барады.
9.Алматы облысы — 25 спортшы (2023 жылы 12 спортшы барған).
Алматы облысына желкенді спорт (5 адам), жағажай волейболы (4 спортшы), ушу (2 адам) кіреді.
10.Ақтөбе облысы — 20 спортшы (2023 жылы 12 спортшы барған).
Гандболдан (5 спортшы) және волейболдан 4 спортшы барады.
11.Қостанай облысы — 14 спортшы (2023 жылы 11 спортшы барған).
Қостанай облысының 4 спортшысы джиу-джитсудан өнер көрсетеді.
12.Ақмола облысы — 14 спортшы (2023 жылы 15 спортшы барған).
Ақмола облысы атынан баратын ТОП-3 5×5 баскетбол (4 спортшы), джиу-джитсу (3 спортшы) кіреді.
13.Қызылорда облысы — 13 спортшы (2023 жылы 23 спортшы барған)
Қызылорданың спортына көгалдағы хоккей (6 спортшы) кіреді.
14.СҚО — 11 спортшы (2023 жылы 6 спортшы барған)
Волейбол (3 спортшы) мен тас жолдағы велоспорттан (2 спортшы) көп барады.
15.Павлодар облысы — 11 спортшы (2023 жылы 16 спортшы барған).
Павлодар өңірінен киберспорт пен жеңіл атлетикадан 2 спортшыдан барады.
16.БҚО — 10 спортшы (2023 жылы 9 спортшы барған).
Батыс Қазақстан облысы 10 спорт түрінен сынға түседі.
17.Атырау облысы — 10 спортшы (2023 жылы 11 спортшы барған)
Дзюдо мен 3×3 баскетболдан, 3 адамнан қатысады.
18.Абай облысы — 4 спортшы (2023 жылы ешкім қатыспады)
Дзюдо (2 спортшы), семсерлесу мен кураштан жүлдеге таласады.
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі хабарлағандай, осы күндері Азиада ресми түрде ашылмай жатып, спорттың кейбір түрлерінен жарыстар басталып та кетті. Ойындарға өкінішке қарай, Ұлытау облысының өкілдері қатыспайды. Бұл өңірден бірде-бір спортшы Азиадаға лицензия ала алмады.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары