Астанада күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова қола медаль үшін күреседі.
Зейнеп Баянова жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта Үндістан өкілі Ниламмен күресіп, 7:3 есебімен жеңіліп қалды. Нилуфар Раимова да финалға шыға алмады. Ол 57 келіге дейінгі салмақта Жапония өкілі Сена Нагамотодан 11:0 есебімен есе жіберді.
Енді отандастарымыз қола жүлде үшін күреседі. Бүгін белдесулер болады.
Кеше Исхар Курбаев, Айдос Сұлтанғали мен Бағдат Сабаз қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына жүлде салды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары