• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Дзюдошылар додадан қоржынмен қайтып барады

    Хорватияның Загребте қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды.

    Бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасы бір алтын, екі күміс медаль иеленді.

    Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал Ғалия Тыңбаева (48 кг) мен Аман Бақытжан (60 кг) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

    Сондай-ақ Эсмигүл Куюлова (63 кг) мен Ерасыл Қажыбаев (100 келіден аса) жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орында аяқтады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *