• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ самбошылары Үндістанда екі алтын жүлде алды

    Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады  Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

    Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отыз тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының үш спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 кг чемпион атанса, ересектер арасында Руслан Жарқынбаев 82 кг алтын медаль алды. 74 кг белдескен Шалқыбек Рахметоллаев үздік бестікке кірді. Спорт академиясының бапкері Біржан Имаханов Азия чемпионатында төрешілік жасап, «үздік төреші» дипломымен марапатталды.

    Айта кетейік, біздің спортшыларды Үнді еліне Қайрат Күнсафин мен Біржан Имаханов апарған болатын. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль алды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *