Бүгінгі білім күніне орай, еліміздің барлық аймағында онлайн оқу жүйесі басталды. Иә, ел тарихында тұңғыш рет оқу жылы қазіргі кездегі жағдайға қатысты осындай қашықтықтан оқыту жүйесімен оқылатын болып отыр. Тағдырдың салғанына көнбестен артық шара жоқ. Дегенмен де «басқа түссе баспақшыл», демекші, оқушылар мен студенттер де бұл жүйеге үйреніп алып кетеді деген үміттеміз.
Бүгінгі Білім күніне орай, оқушылар мен студенттерге қашықтықтан оқыту білім шаңырақтарының арасында Алматы қаласындағы Қ.Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған Олимпиада ізбасарларына арналған мектеп-интернат колледж де бар еді. Тарихы тереңге тамыр жайған айтулы мектеп-интернат колледжге құжаттарын тапсырған оқушылар мен студенттер жаз айында оқуға түсу үшін нормативке сай өз бақтарын сынады. Спорт пен білім сынақтарында көптен қара үзіп шыққан талантты ұл-қыздар, бұйыртса айтулы білім шаңырағында дәріс алу құрметіне ие болады. Сонымен алғашқы оқу жылы да келіп жетті.
Енді Қ.Ахметов атындағы мектеп-итернатында оқитын оқушылар мен студенттер мектептегі стандарттық талапқа сай жоғары нәтижелер көрсетуге талпынуы қажет. Өйткені, бұл оқу орнынан елімізге танымал көптеген аттары әйгілі спортшылар қанат қағып ұшып шыққаны белгілі. Сонымен қатар, бұл мектеп-интернатта оқушылармен студенттерге барлық жағдай жасалған. Өйткені, ұжым басшысы Сейілхан Қарақов мырза жасөспірімдерге толықтай қамқорлық қарастырылғанда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтады. Расымен де талапты жасқа жан-жақты қолдау болғанда табыста көп күттірмесі анық. Ендеше жас қырандарымыз атақты аға буындардың табысты жолын абыроймен жалғастыруға міндетті.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ