• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Арнайы медициналық топтағы дене шынықтыруға жаңаша көзқарас керек

    Мектептегі арнайы медициналық топтардағы дене шынықтыру мәселелерін қарастыру мақсатында білікті мамандардан арнайы жұмыс тобы құрылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Тастанбек Құтжанұлы Есентаевтың төрағалығымен бүгін кезекті онлайн жиналыс өткізілді, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі.

    БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының жанынан құрылған жұмыс тобы арнайы медициналық топтардағы оқушылардың дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ережесін әзірлеуде.

    «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi мен спорт.  Студенттік және мектеп спорты»  15-бабына сәйкес: «Дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік (жұмыс) оқу жоспарларына сәйкес білім беру ұйымдарында сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады. Денсаулығы нашар білім алушылар мен тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады.  Дене мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар мен тәрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру мен спорт құралдарын пайдалана отырып айналысады».

    Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК арнайы медициналық топтағы дене шынықтыру мәселелері бойынша «Астана медицина университеті» КЕАҚ және Қарағанды медициналық университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан болатын.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *