Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Финляндиядағы әлем Кубогының жасөспірімдер кезеңінің жеңімпазы атанды.
Ол 1000 метр қашықтықта үздік атанды. Дауранова 1:22.107 нәтижесімен жеңіске жетті.
Екінші мәреде поляк Виктория Дабровска болды. Итальяндық Серена Пергер үздік үштікті аяқтады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА