Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды.
Championat.com сайтының хабарлауынша, клубпен келісімшарт тағы бір маусымға ұзартылды. Мессидің «ПСЖ» командасымен келісімшартының мерзімі 2023 жылғы жазда аяқталуы тиіс болатын. Клуб президенті Нассер Әл-Хелаифи Катардағы әлем чемпионаты кезінде Мессидің әкесімен кездесіп, футболшының тағы бір маусымға қалатыны жөнінде ауызша келісімге келген. Енді Месси тағы бір маусым алаңсыз француз клубында ойнайды. Бұған дейін хабарланғандай, аргентиналық шабуылшыға «Барселонаға» қайта оралу жөнінде ұсыныс түспеген.
Мессидің айтуынша, ол әлем чемпионы атанғаннан кейін Чемпиондар лигасын тағы бір мәрте жеңіп алғысы келеді. Өйткені, оған «Барселонаға» қарағанда, «ПСЖ-мен» Чемпиондар лигасын жеңіп алу оңайырақ болады.
Кеше тағы бір атақты футболшы португалиялық Криштиану Роналдудың Сауд Апабиясының «Әл-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасағаны белгілі болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА