Енді міне, санаулы күндерден кейін Хорватияда жастар арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Бұл дода 18-22 қазан күндері өтеді.
Ел құрамасы күні бүгін Хорватияға аман-есен жетіп, салмақ өлшеп дүбірлі додаға дайындалып жатыр. Сербияда самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионатындағы спортшыларымыздың жеңісті жолын дзюдошыларымыз жалғастырып, бұл сыннан да толағай табыспен оралады деген үмітіміз бар.
Сіздердің назарларыңызға Хорватия татамиінде Алаштың намысын қорғайтын палуандарымыздың тізімін ұсынып отырмыз.
Ұлдар: 1. Бауыржан Нарбаев (55 кг, Маңғыстау облысы) 2. Дамир Болатбеков (55 кг, Алматы облысы) 3. Мағжан Шәмшиддин (60 кг, Қызылорда облысы) 4. Бауыржан Жауынтаев (60 кг, Қызылорда облысы) 5. Сұңғат Жұбатқан (66 кг, Маңғыстау облысы) 6. Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг, Маңғыстау облысы) 7. Мадияр Сембаев (73 кг, ШҚО) 8. Дидар Хамза (73 кг, ОҚО) 9. Ерасыл Болат (90 кг, Алматы қаласы) 10.Санжар Жаббаров (+100 кг, Қарағанды облысы).
Қыздар: 1. Әбиба Әбужақынова (44 кг, Алматы облысы) 2. Ақмарал Науатбек (48 кг, Астана қаласы) 3. Ғалия Тыңбаева (48 кг, Алматы қаласы) 4. Нұржамал Жарманова (52 кг, Ақттөбе облысы) 5. Аида Карчаева (57 кг, Жамбыл облысы) 6. Ақниет Тұрдан (63 кг, Маңғыстау облысы) 7. Мөлдір Нарынова (63 кг, Алматы облысы) 8. Перизат Қадырбекова (70 кг, ОҚО) 9. Назерке Тілеуханова (78 кг, ШҚО) 10.Камила Берліқаш (+78 кг, Алматы облысы). Осы палуандарымыз Хорватия аспанында қазақтың әнұраның асқақтатады, көк туымызды көкке көтереді деп сенеміз! Алланың өзі жар болсын батырларымызға!
Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ