• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина жарақат алып қалды

    Теннисші Дубайдағы турнирден шығуға мәжбүр болды

    «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы және Australian Open чемпионатының финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды.

    Теннисші өзінің неге бұлай еткенін Instagram-да айтты.

    Өкінішке қарай, мен белімдегі жарақатымның сыр беруіне байланысты Дубайдағы DDF Tennis Championships турнирінің жеке және жұпты сипатты жарыстарынан шығып кетуге мәжбүр болдым. Мен аз уақытта қайта қалпыма келіп үлгеретініме сенімдімін. Енді Дубайда келесі жылы өтетін жарысқа тағы қатысуды жоспарлап отырмын. Қолдау көрсеткендіріңіз үшін рахмет!», – деп жазыпты ол.

    Бұл турнирдің екі айналымында жеңіске жеткен Елена Рыбакина енді әлемнің алтыншы ракеткасы Коко Гауффпен сайыстың 1/8 финалында кездесуі керек еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *