Сирия футбол қауымдастығы (SFA) ұлттық құрама команданың бұрынғы капитаны және «Әл-Жаиш» клубының қорғаушысы Ахмед әл-Салихті матч кезінде төрешіні аяғымен теуіп, балағатағаны үшін өмірбақи спорттан шеттетті.
Sportbox-тің хабарлауынша, 3 наурызда әл-Салих «Әл-Жаиш» пен «Әл-Ватба» командаларының ойында қызыл қағаз көрсеткені үшін төрешімен ұстасып қалған. Ойыншы төрешіні аяғымен теуіп, бетіне түкіріп, балағаттаған.
Осыған байланысты SFA Ахмед әл-Салихті өмірбақи футболдан шеттетті.
Футболшы Сирия құрамасы сапында 54 ойын өткізіп, екі гол салған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА