• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлемдегі ең бай 50 спортшы аталды

    Тарихтағы әлемнің ең бай 50 спортшысының жаңартылған тізімі жарияланды. Оны аты аңызға айналған америкалық баскетболшы Майкл Джордан бастап тұр. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

    Sportico журналының мәліметіне қарағанда, «Чикаго Баллз» журналының 23-санында Джорданның 3,3 млрд доллар ақша жинаған. Осылайша ол басқа спортшыларды басып озған. Басылымның сарапшылары спортшылардың мансабы кезіндегі және оны аяқтағаннан кейінгі табысын есептеді.

    Спортшылардың табысына жалақы, бонустар, турнирлердің жүлдесі, жарнама, өнер көрсету және басқа да төлемдер кіреді. Сонымен бірге демеуші серіктестермен үлестік қатысудан алынған қаражат кіреді.

    Әлемдегі ең бай 10 спортшының тізімі мынадай:

    1. Майкл Джордан – 3,3 млрд доллар
    2. Тайгер Вудс (гольф) 2,5 млрд доллар
    3. Арнольд Палмер (гольф) 1,7 млрд
    4. Джек Никлаус (гольф) – 1,63 млрд
    5. Криштиану Роналду (футбол) – 1,58 млрд
    6. Леброн Джеймс (баскетбол) — 1,53 млрд доллар
    7. Лионель Месси (футбол) – 1,48 млрд
    8. Флойд Мейвезер (бокс) – 1,41 млрд доллар
    9. Роджер Федерер (теннис) — 1,38 млрд
    10. Фил Микельсон (гольф) — 1,36 млрд доллар

    Осы он бай спортшының жетеуі – АҚШ-тың өкілі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *