• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина өзінің сыйақысын жас теннисшілерге берді

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина еліміздің болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржылай қолдау көрсетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді. Таяуда Елена Астанада бұралқы жануарларды құтқарумен айналысатын «СтопОтлов» еріктілер қозғалысына қаржы аударды.

    Ал жуырда Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қазақстандық теннисшілердің болашақта өзі сияқты топ-ойыншы болуы үшін қарқынды дамуына қаржы бөлді.

    Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдап, 14 ойыншыға 2,5 млн теңгеден үлестіріп берді. Қазақстандық және халықаралық ареналарда жеңіске жете бастаған қыздардың әрқайсысы өзінің теннистегі тарихын айтып, Еленаға хат жазды.

    Бастапқыда Еленадан бөлінген қаржы аздау еді, кейін Уимблдон жеңімпазы грант саны мен көлемін көбейтті.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *