• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Майами турнирінде алғаш рет жартылай финалға шықты

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездесіп, оны 1 сағат 12 минутта 6:3, 6:0 есебімен ұтты.

    Осылайша, Рыбакина биыл қатарынан 12 рет жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған  ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *