• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ҚХЛ-да Қазақстан құрамасының қорғаушысы төбелесіп қалды

    Хоккейден Гагарин кубогы турнирінің жартылай финалында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, «Авангард» клубының қорғаушысы Виктор Сведберг пен «Ак Барс» командасының капитаны Александр Радулов төбелесіп қалды.

    Bassport.kz сайтының мәліметіне қарағанда, матчтың екінші кезеңінде Радулов ойын таяғымен Федор Малыхинді белінен ұрған. Оны Виктор Сведберг байқап, командаласын қолдағысы келіп, Радуловпен жаға ұстасып қалған. Содан кейін олар төбелескен. Осы төбелес үшін Радулов та, Сведберг те 2 минуттық айып уақытын алған.

    «Авангард» пен «Ак Барс» командаларының арасындағы екінші кездесу 3:2 есебімен омбылық клубтың пайдасына шешілді.

    Виктор Сведберг – Швецияның Гетеборг қаласында туған. 2018 – 2021 жылдары «Барыс» клубында ойнаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *