• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева бірге әлем чемпионатына қатысады

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында астанада 2023 жылғы шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

    Жарыста Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар ел намысын қорғайды.

    Ал әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий мен Дин Лижен таласады.

    Бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынаған еді. Ол Жансая мен тағы 11 шахматшының Нью-Делиде өткен әйелдер турниріне барып тұрып, қатыспай кетіп қалғанын айтқан.

    Кейін Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваның сынына жауап берді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *