Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлады Halyq-uni.kz.
51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, үндістандық Дипак Кумарға есе жіберіп, бірден жарыс жолынан шығып қалды.