• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мессиді Қытай полициясы ұстады

    Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Қытайдың Бейжің қаласының әуежайында ұсталып, тексеруден кейін жіберілді. Ол Қытайға Аргентина төлқұжатымен емес, Испания төлқұжатымен барған. Сол үшін оны Қытай полицейлері ұстап, тексеруге мәжбүр болды.

    Месси Аргентина мен Австралия құрамаларының жолдастық матчына қатысуға келген болатын.  Бұл ойын15 маусымға жоспарланған. Ал кеше Аргентина құрамасы ойынға дайындықты бастау үшін Қытайға келді. Сол кезде Лионель Месси Қытайға визасыз жүру құқығын беретін Аргентинаның төлқұжатымен емес, Испанияның төлқұжатымен барған. Испания азаматтары Қытайдың өзіне емес, Тайваньға ғана визасыз бара алады.

    Футболшы полицияға жағдайды түсіндіршен соң, оған жеделдетілген виза берілді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *