• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингінде теннисші төртінші орыннан үшінші сатыға көтерілді. Оның алдында Польшаның спортшысы Ига Швентек пен Беларусьтің өкілі Арина Соболенко тұр.

    Қазақстанның тағы бір теннисші Юлия Путинцева 58-ден 51-орынға шықты.

    Рейтингет жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула ТОП- үштіктен орын алды. Ал жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 25-тен 24-орынға көтерілді.

    Жақында Францияның ашық біріншілігі – «Ролан Гаррос» турнирінде Ига Швентек әйелдер арасында жеңімпаз атанса, Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтып, рекорд жасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *