• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ТМД II ойындары: Қазақстанның еркін күрес шеберлері төрт жүлде алды

    Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД ІІ  ойындарының алтыншы күні еркін күрестен ел қоржынына 4 төрт жүлде түсті.

    Солигорск қаласында өткен еркін күрестен 57 келіде сынға түскен Ерасыл Мұхтарұлы финалда ресейлік балуан Начын Монгуштан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

    79 келідегі Арсен Өміржан да финалда ресейлік Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медальге  ие болса, 86 кг салмақтағы Мақсат Сатыбалды финалда әзербайжан балуаны Арсений Джиоевке есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

    125 келідегі Омархан Надировке бұйырғаны қола жүлде болды.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *