• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан АЧ: Қазақстан үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде алды

    Астанада бокстан жастар және жасөспірім ерлер мен қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасында жүлде алған  боксшылардың есімі белгілі болды. Жасөсіпірім қыздар арасынан Аяжан Сыдық 54 келі салмақта Өзбекстан өкілі Зухро Рустамованы 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

    60 кг салмақта Толғанай Қасымхан чемпион болды. Ол Үндістан боксшысы Чиром Жойшери Девидтен барлық раундта үстем болып, 4:0 есебімен жеңді.

    63 келіде Алина Құдайгенова өзбек қызы Аселиа Төлегенованы төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

    Одан кейін жасөспірімдер санатындағы Сила Биболсынқызы 48 келіде Тайпей боксшысы Шен Син-Айға 2:3 есебімен есе жіберді. Айым Таңқыбаева да 46 кг салмақта Өзбекстан спортшысы Мафтуна Мусурмоноваға 2:3 есебімен жеңіліп, күміс медаль иеленді.

    Аружан Зейноллаева 75 кг салмақта Өзбекстан спортшысы Мафтуна Янгиеваға 0:5 есебімен жеңілді. Аружан да күміс жүлде алды. Сосын Ақбота Есімбекова 70 келідегі финалдық жекпе-жекте үнді Аканша Фаласвалға 2:3 есебімен жол берді.

    Қол жүлдені Айша Сариева (52 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг) мен 80 келіден аса салмақта шаршы алаңға шыққан  Панар Сейтқанқызы иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: instagram.com/boxingkazakhstan/

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *