Әзербайжанның Баку қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аманғали Беқболатов грек-рим күресінен әскери қызметкерлер арасында өткен әдем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы.
Аманғали Бекболатов еліміздің намысын халықаралық аренада қорғап келе жатқан талантты балуандарымыздың бірі. Ол биыл Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өткен рейтингілік турнирде де атой салып, өз салмағында, яғни 55 келіде бес бірдей қарсыласының бәрі тізе бүктірді. Сол турнирде ол кілем иесі Мажарстанның үкілеген үмітін тізе бүктіріп, биылғы жылдың соңғы әлемдік рейтингтік турнирін жеңіп алды. Финалда Еуропа чемпионы деген атағы бар балуан қанша мықты болғанымен қазақтың қайсар ұлына азуы батпады. Ол Аманғалидан 0:9 есебімен ойсырай ұтылды.
Осының алдында Астанада күрестен ересектер арасында өткен Азия чемпионатында да Аманғали Бекболатов қола жүлдені иеленді.
View this post on Instagram