• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Никита Басов

    Футболдан ұлттық құрама FIFA рейтингінде 100 елдің қатарында тұр

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының қараша айындағы FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды. Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы екі ойынның нәтижесі бойынша, яғни Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңіп, Словениядан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін екі орынға төмен түсті. Сөйтіп, 100-орынға орналасты. Ал әйелдер құрамасы 99-орынға жайғасты.

    Әлемдік рейтингті Аргентина құрамасы бастап келеді. Одан кейін Франция мен Англия алғашқы үштікте тұр.

    ТОП-10 елдің қатарында Бельгия, Бразилия, Нидерланд, Португалия, Испания, Италия, Хорватия бар.

    Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы қарсыласы Грекия 47-орында тұрса, Грузия — 77, Люксембург — 87 орынға шыққан.

    Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріне бесінші рет қатысты. 2008, 2012 жылдарда — 6, 2016, 2020 жылдарда — 5 орын алды.

    Қазірге дейін 2024 жылғы құрлықтық доданың финалдық сатысына Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия, Аустрия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Нидерланд, Швейцария, Румыния, Сербия құрамалары шықты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *