• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    championat.com

    EURO-2024 жеребесі тартылды

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл чемпионат 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді.

    Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, құрлықтық дода 14 маусымда Германия мен Шотландия матчымен ашылады. Одан басқа, рәсімде ұлттық құрамалардың қай топқа түскені анықталды. Бір атап өтетін жайт, Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы шығатын командалардың да топтары белгілі болды. Бұл командалар төменде жақшада көрсетілген.

    А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

    B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

    С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

    D тобы: Ұлттар лигасындағы А тобының жеңімпазы (Польша, Эстония, Уэльс, Финляндия), Нидерланд, Австрия, Франция.

    E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Ұлттар лигасындағы B тобының жеңімпазы (Израиль, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина).

    F тобы: Португалия, Ұлттар лигасындағы С тобының жеңімпазы (Грузия, Люксембург, Қазақстан, Грекия), Түркия, Чехия.

    Былтыр Ұлттар лигасы С лигасында өз тобында бірінші орын алған ұлттық құрама турнирдің плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.

    Енді еліміздің бас командасы 2024 жылдың 21 наурызында С тобы бойынша жартылай финалда Грекиямен ойнайды. Жеңген жағдайда финалда Грузия немесе Люксембург құрамасымен құрлықтық додаға берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

    Еуропа чемпионатының жолдамасына ел құрамасымен бірге 18 ұпаймен үшінші орынды бөліскен Финляндияда да таласатын болады.

    Құрлықтық доданың жалауы ГФР-дың Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында желбірейді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *