• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sports.kz

    Қазақстан құрамасының үш боксшысы әлем чемпионы атанды

    Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Толғанай Қасымхан, Аяжан Сыдық пен Айсұлу Мұхит алтын медальді жеңіп алды.

    Аяжан Сыдық 54 кг салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны  5:0 есебімен жеңді. Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леоновадан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша ол Қазақстан құрамасына екінші алтын жүлдені сыйлады.

    Үшінші алтын жүлдені  66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит жеңіп алды. Ол финалда румын спортшысы Амалия Тугуиды жеңді.

    Енді бүгін ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 кг) финалға шығады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *