• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогының иегері атанды

    Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті.

    Ол 83,47 ұпай алып, алтын жүлдегер атанды.

    Күміс медальді канадалық Александра Монтмини, қола жүлдені америкалық Амелиа Глоговски иеленді.

    Жарыста тағы екі Қазақстан спортшысы Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орынды алды.

    Бұған дейін Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды. Ол фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсетіп, 77.43 балл жинады. Одан кейін Еуропа кубогында күміс медаль иеленген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *