• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі

    Тәуелсіздік күні алдындағы тартысты турнир (ФОТО)

    Тәуелсіздік күні алдында еліміздің әр аймағында түрлі шаралар ұйымдасытырылып жататын бір дәстүр бар.

    Бүгін ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы шаһарындағы Әуезов ауданындағы 173 мектеп-гиназияда дүбірлі бір аламан спорттық жарыстар болып өтті.

    Айтулы Спартакиада бағдарламасында шағын футбол, дартс, шахмат және арқан тарту спорт сүрлерінен осы қоғамдағы Желтоқсанның батырлары бақтарын сынап жеңіс үшін аянбады.

    Негізі спортты денсаулықтың кепілі дейміз ғой, жастарының алды жетпісті арты алпысты алқымдаған кешегі Тәуелсіздіктік қаhармандары осындай жарыстарды сағына күтеді. Өйткені, осындай спортты іс-шараларда бастары қосылып, бір шүйіркелісіп, арқа жарқа болып қалады. Сонымен қатар, жарыс алаңдарында бойда, ойда қалған спорттарынан сын алаңында барынша көрсетіп үлкен бір ләззат алары сөзсіз. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпеген», демекші, спорт алаңдарында Желтоқсан батырларының ойындарын көрген жанкүйерлер риза болып демеу беріп, қолдау жасап жатыр.

    Хош, сонымен Спартакиаданың ашылуы салтанаты да дабыралы, думанды болды. Мектеп оқушылары батыр ата-апаларының келуіне орай тамаша бір концерттік бағдаларлама дайындаған екен. Жас таланттар ортаға шығып, бар өнерлерін салып Желтоқсан батырларының қошеметіне бөленді.

    Салтанатты ашылу рәсімі аяқталған соң жарыс түрлерінен Спартакиада басталып кетті. Күні бойы спорт алаңдарында тер төккен батырлар күн еңкейе барып жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, зор қошеметпен марапат рәсімі болып өтті.

    Осындай Желтоқсан батырларына арналған дүбірлі аламан Спартакиаданың жоғары ұйымдастырылғанына «Желтоқсан Ақиқаты» респуликалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Тоқтабайұлы Құрымбаев жоғары баға беріп, барша Желтоқсан қаhармандарына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп айырықша ризашылғын білдірді. Желтоқсан батырларына арналған дүбірлі дода осылайша мәресіне жетіп, артынан Әуезов ауданының ұйымдастыруымен дастархан жайылып ас берілді.

    Негізі осындай жоғары деңгейде жарысты өткізіп, Желтоқсан батырларына зор көңіл-күй тарту еткен Әуезов ауданданың ұйымдастыру алқасының белсенділері Алма мен Батырға қалың жұрт үлкен рахметтерін жаудырып жатты. Өмір-қозғалыстан тұратын болса, арамызда сонау Желтоқсанның ызғарлы түнінде Тәуелсіздігіміз үшін жан беріп жан алысқан батырларға құрмет қошемет күшейе түссе деген тілек бар. Бар болыңдар нар болыңдар Тәуелсіздікті жеңіп әперген Желтоқсанның батырлары!.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *