• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    fcastana.kz

    Самат Смақов «Астана» ФК басшылық қызметіне тағайындалды

    Самат Смақов «Астана» клубының техникалық директоры болып тағайындалды.

    Техникалық директордың міндетіне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету кіреді. Оның ішінде футбол академиясының құрылысын қадағалау мен академияның тиімді жұмыс істеуі жатады.

    Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді, – деп хабарлады «Астана» футбол клубының Instagram-да.

    Бұған дейін Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының директоры мен «Елім-ай» клубының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған. Ол семейлік клубты премьер-лигаға шығарған.

    Самат Смақов футболшы ретінде «Ақтөбе» клубы мен Ресей және Түркияның командаларында ойнаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *