• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Olympic.kz

    Қазақстан спортшылары жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

    Спортшылар келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында жалауы желбірейтін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.

    Осыған байланысты Туризм және спорт министрлігенде ведомство басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Олимпиадаға баратын спортшылардың дайындығы бойынша кеңейтілген отырыс болды.

    Жиында Ермек Маржықпаев Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне Ұлттық Олимпиада комитеті, Спортты дамыту дирекциясы және Олимпиадалық дайындық орталығымен тізе қосып, бірқатар мәселені шешуді тапсырды. Атап айтқанда, Ойындарға қатысатын спорттық делегацияның сапалы құрамын қалыптастыру, ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес спорттық жүктеменің тізбесін пысықтау, делегация мүшелерін жабдықтау кестесін бекіту, спортшылардың дайындық барысы мен ту ұстаушыларды бекіту және тағы басқа маңызды мәселелерді шешу керектігін айтты.

    Канвондодағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен (биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей) 17 жолдама бар. Ал жалпы Олимпиадаға жер-жаһанның 70 елінен 1 800 (900 ұл, 900 қыз) спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *