• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/kriminal_kazakhstan

    Өскеменде белгілі спортшыны атып кетті (ВИДЕО)

    Өскеменде белгілі жекпе-жек шебері Эльер Юнусметовты көшеде көз жұмды.

    «Криминальный Казахстан» телеграм арнасының ақпаратына қарағанда, Эльер Юнусметовты үйінің жанында әйелінен қызғанған ер адам тапаншамен атып кеткен. Спортшы сол жерде көз жұмған.

    Эльер Юнусметов кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық жекпе-жек, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған.

    13 қаңтарда күндіз Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде орналасқан №98/2 үйдің жанында 33 жастағы Юнусметов Е.И-дің денесі табылды. Иегі мен мойнынан алған оқ жарақатынан қайтыс болды.

    Қылмысты жасады деген күдікпен 26 жастағы А.К. Тюебаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша ер адам 23 жастағы келіншегін Юнусметовтен қызғанғандықтан қылмысқа барған.

    Оқиға бойынша бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — делінген полиция хабарламасында.

    ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *