• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан Thailand Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды

    Таиландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі аяқталды.

    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, турнирге Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысып, бір қола медаль жеңіп алды.

    Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық спортшы Татьяна Генеоева финишке алтыншы болып жетті.

    Ерлер арасында Егор Карасев 18-орынды иеленді. Одан басқа

    23 жасқа толмаған велоспортшылардың жарысында Алтынбек Аханов 8-орынға, Алексей Фефелов 9-орынға ие болды.

    Әйелдер арасында Алина Спирина мәреге төртінші болып жетті.

    Биыл екі күнге созылған халықаралық турнирде 7 мемлекеттен спортшылар сынға түсті. Былтыр Таиландтың Пхичит өңірінде өткен Кубокқа ұлттық құрама спортшылары қатыспады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *